03.05.2022

 «Алма қала» қоғамдық бастамасы аясында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, блогерлер, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен аудан әкімшілігі қызметкерлерінің қатысуымен Балалар саябағында жас көшеттер отырғызудың кезекті шарасы өтті.

Айта кету керек, саябақтың аумағы 2,8 га, онда 2019 жылы жаяу жүргіншілер жолын ауыстыру бойынша және КАФ-тар, ойын алаңдарын орнату, жарықтандыру және суару жүйелерін жаңарту арқылы ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілді.

«Алматы – әлем алмасының Отаны» ұранымен бүгінде Сиверс, Апорт және Алтын зімбір сорттарынан 370 түп алма ағашы отырғызылды.

Еске сала кетейік, ауданда жыл басынан бері 2 мыңға жуық жас ағаш отырғызылса, оның 850-і алма ағашы.

Дереккөз: Түрксіб ауданы әкімінің аппараты