«Алтын орда» базары маңындағы Алматы-Бішкек учаскесінде жолды кеңейту бойынша күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда барлық жұмыстың 90 пайызы орындалды.
«Бүгінгі таңда барлық жұмыстардың 90%-ға жуығы орындалды. Келісімшарт бойынша бұл жоба 1 қарашада аяқталуы тиіс. Бірақ біз жұмысты күшейттік. Бас мердігер қазір қыркүйекте негізгі тас жолды аяқтау және көлік қозғалысын ашу үшін барлық қажетті резервтерді қосуда», - деп жазды Facebook – тегі парақшасында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев Facebook парақшасында.
Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі «Алтын орда» базары маңындағы Алматы-Бішкек учаскесінде жолды кеңейту бойынша күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын екенін мәлім еткен болатын.
Еске салайық, «Алтын Орда» базарының жанындағы эстакада былтыр желтоқсан айында ашылған еді.
Дереккөз: inform.kz