Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Әуезов ауданындағы Алтын бесік шағын ауданына барды. Мұндағы қараусыз қалған алаңқайларда ойын және спорт алаңдары жабдықталып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Бақытжан Сағынтаев Алтын бесік шағын ауданының Трудовая көшесіндегі қоғамдық кеңістіктің абаттандырылуымен және жасалуымен танысты. Бұрындары аумағы 9 мың шаршы метр болатын алаң қараусыз қалған еді. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша алаң тазартылды, тренажерлері, теннис үстелдері, воркаут-аймағы бар спорт алаңы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, футбол және баскетбол, скейт алаңдары, балалардың ойын аймағы қарастырылған. Жарықтандырылып, бейнебақылау орнатылған.
Еске салсақ, бұдан бұрын осы шағын ауданының Әнет баба көшесіде абаттандырылған кеңістік ашылып, онда жатақхана салу жоспарланған болатын. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев аудан тұрғындарының өтініштерінен кейін шешім қабылдады.
Қазір мұнда футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары бар спорт алаңы, балаларға арналған ойын алаңы, воркаут-аймақ және скейт-алаң салынды. Аумақ абаттандырылып, жарықтандырылды, урналар мен орындықтар қойылды, бұталар мен ағаштар отырғызылды. Жақын жерге 120 орынды балабақша салынады. Учаскенің бір бөлігі саябақ аумағы ретінде абаттандырылып, кіші сәулет пішіндері қойылып, гүлзарлар жасалды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі