Алматының Жетісу ауданындағы 11 көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

04.08.2021

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Жетісу ауданының әкімі Гүлнәр Көкебаева мәлімдеді. Қазіргі кезде 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жолдардың жалпы ұзындығы 18,3 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, ауданда тротуарларды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Г. Көкебаеваның айтуынша, ауданның Рысқұлов пен Сүйінбай даңғылдарында жұмыстар аяқталып қалды, Таймырский, Москвина, Черновцкая, Галилей және Первомайская мұнай базасы көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Геологов, Талант және Жансүгіров көшелерінде жұмыс жүргізілуде, Кудерина көшесінде жұмыс аяқталды.

«Біздің аудан тұрғындарының өтініші бойынша Есенов, Нүсіпбеков, Палладин көшелерінде және Айнабұлақ-2 шағын ауданында ұзындығы 1,4 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді», - деді Жетісу ауданының әкімі.

Сонымен қатар аудан тұрғындарының өтініші бойынша белгіленген учаскелердегі шүңқырлар жөнделуде. 3 тамыздағы жағдай бойынша орындалған жұмыс көлемі 26 700 шаршы метрді құрайды.

Жолдан басқа, су басып қалуы мүмкін аймақтарда арық желілері ретке келтіріледі. Жалпы алғанда, ұзындығы 4,2 км болатын 11 көшеде арық желілері жөнделеді. Ачинская, Зубарев, Жангелдин, Галилей, Дыбенко, Шекспир, Волочаевская, Шелихов, Павлодарская, Қазыбаев көшелерінде және Айнабұлақ-1 шағын ауданында жұмыстар жүруде. Тамыздың соңында арықтар желілерін жөндеуді аяқтау жоспарлануда.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі