14.08.2020

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтты.

Қала әкімшілігі күз-қыс кезеңінде эпидемиологиялық жағдайдың жағымсыз дамуына жан-жақты дайындық жүргізуде. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, жедел жәрдем қызметі шақыртуларды қабылдауға толығымен дайын.

«Жедел медициналық жәрдем қызметінде 3000-нан астам адам жұмыс істейді, бұл 180 бригада. Оның ішінде 365 дәрігер, 1388 фельдшер бар. Осы тұрғыда жедел жәрдем қызметі күзгі және қысқы кезеңге дайын екенін атап өткен жөн. Вирус өршіген шақта жедел жәрдем қызметі тәулігіне 500-ге дейін пациентті ауруханаға жеткізе алады деген болжам бар. Қосымша 55 жедел жәрдем көлігі жеткізіледі деп күтілуде», — деп мәлімдеді Қамалжан Надыров.

Сонымен бірге жедел жәрдем жұмысында жүктеменің азайғаны байқалады. Өтініштер мен шақыртулар саны соңғы айда 1-3 санат бойынша 2200-ден 1400-ге дейін және 4 жеделдік санаты бойынша 280-нен 170-ке дейін азайды.  Бұған дейін ауру өршіген шақта жәдел жәрдем тәулігіне 8000-ға дейін өтініш қабылдаса, әрбір екінші қоңыраудан соң бригада науқастың үйіне баратын.

«Шілде айының басында барлық өтініштердің 50%коронавирусқа күдікті науқастар болды. Бүгінде шақыртулар қатарында ЖРВИ, пневмония және коронавирусқа байланысты өтініштер санының азайғанын байқауға болады. Бұл барлық қоңыраулар санының 10%-нен аспайды», - деп толықтырды Қ. Надыров.

Сонымен бірге брифинг барысында үйдегі медициналық бақылауда 906 адам бар екені белгілі болды. Оның ішінде 498 адамда ауру белгілері болмаса, 408 науқаста негізінен жеңіл формада ауру белгілері ба.р.

«Соңғы айда осы категориядағы пациенттер саны шамамен 3 есе азайды. Ауру өршіген кезде 2450-ден астам адам үйде ем алды. АМСК деңгейінде де КВИ-ға шағымданушылар мен емханаға пневмониямен келушілер саны 36% азайды. Шілденің ортасында қала емханаларына 1300-ден атам пациент жүгінсе, бүгінде емханаларға КВИ күдікпен тәулігіне 450-ден аз адам жүгінеді», — деп қорытындылады Қ.Надыров.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі