Алматының тарихи орталығын сақтау: Нүктелі құрылыс орнына саябақтар мен скверлер салынады

01.04.2021

Мемлекет басшысының мегаполис орталығының сәулеттік келбетін сақтау жөніндегі тапсырмасына сәйкес 36 учаске бойынша шаралар кешені қабылданды.

Қаланың тарихи орталығы шекарасындағы нүктелі құрылыс объектілерінде жеке меншіктегі бірқатар жер учаскесі анықталды. Оның ішінде 8 учаске аумақты абаттандыру және көгалдандыру арқылы қоғамдық кеңістік ұйымдастыру үшін сатып алынады. Жер учаскелерінің тізімі:

  • Төле би көш. оңтүстігі, Масанчи көш. батысы;
  • Қазыбек би көш. оңтүстігі, Достық даңғ. батысы;
  • Қазыбек би көш. солтүстігі, Қалдаяқов көш. батысы;
  • Желтоқсан көш., 133А;
  • Райымбек даңғ. оңтүстігі, Чайковский көш. шығысы;
  • Жібек жолы даңғ.,67;
  • Гоголь көш. солтүстігі, Назарбаев даңғ. шығысы;
  • Мақатаев көш. - Желтоқсан көш., 97/53.

Бұл шара учаскелердің аула аумақтарындағы болуы мен онда көптеген жасыл желектердің орналасуына, сондай-ақ қолданыстағы қала құрылысы регламенттеріне сәйкес келмеуіне байланысты қабылданады.

Сонымен қатар қала орталығында жасыл аймақтарды ұйымдастыру үшін екі учаскені алу жоспарланған: Гоголь көш. солтүстігі, Абылай хан даңғ. батысы және Қонаев көшесі, 99А.

Бұрын берілген рұқсат құжаттары бар 10 учаске бойынша, оларды игеруді аяқтау шешімі қабылданды. Бұл ретте іргелес аумақтарды абаттандыру бойынша мамандар мен тұрғындардың ұсыныстары ескеріледі. Сонымен қатар бірқатар нысандар бойынша төңіректегі қабат саны ескеріледі. Тізіммен басқарма сайтындағы https://almaty.uaig.kz / «Жаңалықтар» бөлімінен танысуға болады.

5 учаске бойынша иелеріне бұрын бұзылған ғимараттарды қалпына келтіру ұсынылды:

  • Назарбаев даңғ., Қабанбай батыр көш. қиылысы;
  • Қазыбек би көш., 39, Қалдаяқов көш., 29;
  • Қарасай батыр көш. солтүстігі, Панфилов көш. шығысы;
  • Әйтеке би көш. солтүстігі, 79/102/71 (Абылай хан даңғ./Желтоқсан көш. аралығында);
  • Панфилов көш., 106 – 1930 жылдардың ортасында салынған Қазақ мемлекеттік табиғатты қорғау комитетінің ғимараты.

7 жер учаскесін әзірленген құрылыс салу ережесіне сәйкес игеру ұсынылады:

  • Әйтеке би көш. оңтүстігі, Желтоқсан көш. батысы;
  • Қарасай батыр көш., 88Б – 88В;
  • Гоголь көш. оңтүстігі, Абдуллиндер көш. батысы;
  • Назарбаев даңғ. шығысы, Бөгенбай батыр көш. оңтүстігі – тек абаттандыру үшін;
  • Қонаев көш. шығысы, Шевченко көш. солтүстігі – тек абаттандыру үшін;
  • Гоголь көш. солтүстігі, Абдуллиндер көш. шығысы;
  • Амангелді көш., 52.

Шевченко – Панфилов – Құрманғазы – Байсейітова көшелері щеңберіндегі екі учаске қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды. Бұл аумақта қалалық саябақ салу жоспарланған.

Масанчи көш. – Жамбыл көш., 67/101 мен Наурызбай батыр көш., 29/1 екі нысан бойынша сот процестері жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тарихи орталықта, сондай-ақ тұрғын үйлердің ауласында нүктелі құрылыс тоқтатылатынын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар үйлер арасында  жапсаржай (қондырма) салуға тиым салынады. Ал жаңа үйлер салу кезінде бірқатар параметр, соның ішінде қабат саны ескеріледі.

Бұл шектеулер қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген «Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларында» көрсетілген. Құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында 8 сәуірге дейін көпшілік талқылау үшін жарияланған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі