Алматының Наурызбай ауданының тұрғындарын COVID-19-ға қарсы белсенді түрде екпе алуға шақырады

03.08.2021

Жаппай вакцина барысы туралы ақпаратты Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, ауданда 20 стационарлық және 5 жылжымалы екпе пункттері бар. Мектептерде, базарларда және халыққа қызмет көрсету орталығында резервте 4 егу пункті бар.

Санжар Тоғай қала тұрғындарын тезірек екпе алуға шақырды. Ол мегаполис тұрғындарынан өзінің және жақындарының денсаулықтарын сақтауға, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық ұсыныстарын барынша жауапкершілікпен орындауға шақырды.

Аудан әкімі тек вакциналанудың ғана пандемияны тоқтататынын атап өтті.

«Мен барлығын тез арада екпе алуға шақырамын. Тек вакцина сізге және сіздің отбасыңызға реанимацияға жатудан, аурудан кейін оңалтудан өтуден, антибиотиктер мен басқа дәрі-дәрмектерді қабылдаудан құтылуға мүмкіндік береді», - деді Санжар Тоғай.

Бүгінде 6 мекенжай бойынша (№7 қалалық аурухана, №№26, 27, 36 қалалық емханалар, Таусамалы базары мен Қарғалы дәрігерлік амбулаториясы) 10 пунктте 20 стационарлық және 5 жылжымалы бригада жұмыс істейді.

Еске салсақ, Алматыда эпидемиологиялық ахуал одан сайын ушығып барады. Қалада коронавирус жұқтырғандардың күнделікті тіркеу 1500 жағдайдан асты.

2021 жылдың 1 ақпанынан 1 тамызына дейінгі кезеңде барлығы 725 575 адам вакцинаның 1-ші компонентін алды. Өткен тәулікте 4 971 адамға екпе жасалды. 60 жастан асқан вакциналанғандардың жалпы саны 99 587 адам.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО-ларында 167 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмыс жұмылдырылған.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі