22.06.2023
Биылғы жылы »Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, Алматының 8 ауданына қосымша 7 млрд теңге берілді. Оның ішінде Медеу ауданы үшін қосымша 875 млн. теңге бөлінді. Бұл деректермен қала тұрғындарымен кездесуде мегаполис әкімі бөлісті.
«Осы қаражатқа Медеу ауданында аула аумақтарын жөндеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, балалар алаңдарын жайластыру және тереңдетілген контейнерлерді орнату бойынша 14 жобаны іске асыру жоспарлануда«, - деді Ерболат Досаев.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының әкімдігінің баспа-сөзі