12.04.2022

Алматыда жөндеу жұмысына байланысты бірнеше ықшамауданда жоспарлы түрде электр қуаты үзіледі.

«13 сәуір күні сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жоғары вольтты желіге жоспарлы жөндеу жұмысына байланысты «Алғабас» шағын ауданында 1858 абонентке электр жарығы берілмейді», - деп хабарлады «Алатау Жарық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар 2 мыңға жуық тұрғын дәл осы уақыт аралығында жарықсыз қалады: Томирис шағынауданы, Шынқожа батыр көшесі, Көксу көшесі, Көлсай көшесі, Орталық көшесі, Карл Маркс көшесі, Озерная көшесі, Боралдай ықшамауданы.

Бүгін «Алғабас» ықшамауданындағы Бес Арыс, Баршын, Бөрі Байрақ, Сұлтан, Инабат, Мақатаева, Бейбітшілік, Алатау, Желтоқсан көшелерінің бойында да сағат 17:00-ге дейін электр жарығы өшірілді. Өшіру трансформаторлық қосалқы стансаның жөндеуімен байланысты.

 

 

 

Дереккөз: Zakon.kz