Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қолжетімді әрі жайлы орта жасау шаралары туралы айтты.
Қала әкімінің айтуынша, мегаполис жолдарында ЖКО санын барынша азайта отырып, ЖКЕ бұзуға мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету міндеті қойылған. Жолдарда өлім-жітім мен жарақат алуды мүлдем болдырмау деңгейіне жету үшін 2023 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары әзірленді. Сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, жол-көлік оқиғаларын, ЖКО жарақат алғандар мен қаза тапқандар санын азайтуға бағытталған Vision Zero Almaty бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Б. Сағынтаев жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қала тұрғындарының әл-ауқаты, жайлы өмір сүруі мен қауіпсіздігінің басты шарты екенін атап өтті.
Қала қауіпсіз, қолжетімді және жайлы көше инфрақұрылымын құруға, сондай-ақ Алматы тұрғындарының жол қозғалысы қауіпсіздігін жасқартау бойынша қабылданған шараларды дер кезінде біліп отыруына ұмтылатын болады.
Бүгінде қалада 14 бағдаршам бейімделгіш басқарумен жабдықталған, 4,8 мыңнан астам жол белгісы орнатылды және ауыстырылды, 88 көшеге 270 мың шаршы метрден астам жол таңбасы салынды.
Биыл 70 реттелетін және реттелмейтін жаяу жүргінші өткелін, оның ішінде әр түрлі көпірлер мен 3D өткелдерін салу, сондай-ақ 40 бағдаршам нысанын орнату жоспарланған. Сондай-ақ 3 мыңнан астам жол белгісі орнатылады және ауыстырылады. Мамандардың бағалауынша, кешенді шаралардың қабылдануы ЖКО санын 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Vision Zero қағидасына сәйкес жаяу және велосипед жолдарынан, туннелдерден өзге, жол қозғалысының осал қатысушыларының қауіпсіздігін арттыру бойынша шешімдерді қолдану пысықталып жатыр. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне басымдық беріледі, ол үшін көліктердің жылдамдығы азайтылады.
Алматыда осы бағдарлама аясында мектептер алдында жасанды кедергілер жасалды, 15 бағдаршам нысаны салынды, реттелмеген 115 жаңа жаяу жүргінші өткелі жабдықталды, веложолдарды бөлетін боллардтар орнатылды.
Биыл жылы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Достық даңғылы - Сәтпаев көшесі мен Сейфуллин даңғылы - Сәтпаев көшесінің қиылыстарында жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер енгізу жоспарланған. Сондай-ақ қаланың велосипед жолдарында 2 мың жол боллардын орнатылады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі