Алматының Кәсіпкерлер палатасы экспортқа шығарылатын тауардың шығу тегі туралы 9 мыңнан астам сертификат берді

23.12.2021

 

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ішкі айналымға және экспортқа арналған тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды, сондай-ақ индустриялық сертификатты беру туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат-бұл тауардың шыққан елі Қазақстан Республикасы екенін куәландыратын құжат», – деп хабарлады А. Қошмамбетов.

Осы түрдегі сертификаттар межелі елде тарифтік преференцияларды (кедендік баждарды төмендету немесе одан босату), тарифтік емес реттеуді (тауарды әкелуге/әкетуге тыйым салулар, шектеулер) алу үшін ресімделеді. Ал индустриялық сертификат отандық өндірушінің мәртебесін растайды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 14 желтоқсан бойынша Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы 102 индустриялық сертификат, «CT-KZ» нысанындағы 714 сертификат және экспортқа шығарылатын 9 319 сертификат берілді.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі