Алматының индустриалды аймағында азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдарын шығару бойынша жобалар жүзеге асырылуда

13.07.2021

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша индустриалық аймақ аумағында іске асыру үшін 8 жаңа жобаны енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл тамақ өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі саласындағы кәсіпорындар.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы индустриялды аймағының директоры Әділ Амралин азық-түлік өнеркәсібі мен құрылыс материалдары саласындағы жаңа жобаларды іске асыру туралы хабарлады.

«Biotech Karal» компаниясы үй жануарларына арналған биотамақты қоспалар мен тыңайтқыштар өндіретін алғашқы зауыттың бірі. Ә. Амралиннің айтуынша, оның құрылысы биыл басталған. Бірінші кезеңі 2022 жылы аяқталады. Құрылыстың екінші кезеңін 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның құны 850 млн. теңгені құрайды. Зауыт 130 жаңа жұмыс орнын ашады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6,7 млн. литр дайын өнім шығаруды көздейді.

Индустриалды аймақтың директоры айтқан екінші зауыт – «Lemonadoff Food».  Бұл қуаттылығы жылына 15 млн. литр көлемінде алкогольсіз сусындар өндіретін әрі 50 жұмыс орнын ашатын кәсіпорын. Жоба құны 316 млн. теңгені құрайды. 2024 жылға қарай жарты гектар учаскеде зауыт салынады, ол жылына 500 млн. теңгеге өнім өндіреді.

Үшінші нысан – «Сартай Энерго Сервис» автоклавты газоблоктар мен құрылыс материалдарын шығаратын зауыт құрылысы. Бұл компания «K7 Group» холдингінің құрамына кіреді әрі Батыс Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығының өкілі. Алматыдағы зауыт алюминий витраждарын, пластикалық терезелерді, автоклавты газоблоктарды, витраждарды шығарады.

Ұсынылған зауыттар тізімінде «ABM Building 2007» де бар. Мұнда кабельдік-өткізгіш өнім шығарылады.

«Компания электр энергетикасы саласындағы жобаларды іске асырумен айналысады, индустриялды аймақтағы зауыт кабель-өткізгіш өнімдердің 500-ге жуық түрін өндіретін болады. Олар күштік кабельдер, бақылау кабельдері, монтаждау сымдары, ССП сымдары. Кәсіпорында 120 жұмыс орнын құру жоспарлануда», – деді Ә. Амралин.

Алматы индустриалды аймағында салынатын тағы бір кәсіпорын – «NEFT» БК шыны талшықты және композитті талшықтан жасалған  арматура өндіру зауыты. Ә. Амралиннің айтуынша, бұл құрылыс, дизайн, сәулет және инженерлік жобалаудың үлкен тәжірибесі бар отандық компания. Зауыт шыны талшықты, шыны тор, композициялық материалдан арматура шығарады. 60-қа жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Инвестор жобаны іске асыруға 1 млрд. теңгеден астам қаржы салмақ.

«JARDI KZ» нан-тоқаш және аспаздық өнімдерді, сондай-ақ  жартылай фабрикаттарын өндіру бойынша зауыт салу  тізімде бар. Мұнда жылына 3,3 мың тонна жартылай фабрикаттар, 10 мың тоннадан астам түрлі аспаздық өнімдер және жылына 5 мың тоннадан астам наубайхана өнімдері өндіріледі.

«Жоба  JLC»  холдингінің өнімдерін сататын Алматы және Алматы облысы бойынша 175 дүкендер желісіне өз өнімдерін қосуды көздейді. Жобаның құны – 6 млрд. теңгені құрайды. 70-тен астам жұмыс орны ашылады«, – деді индустриалды аймақтың директоры.

Индустриалды аймақта 2023 жылға қарай металл құрылымдары мен полиэтилен құбырларын шығаратын «Бұрған-2005» өнеркәсіптік кешені салынады.

Қазіргі уақытта компания қазандық, турбиналық, электр техникалық, химиялық жабдықтарға, бақылау жүйесіне, аварияға қарсы қорғауға қызмет көрсетумен, құрылыс материалдарын өндірумен, көтергіш және қоршау конструкцияларын салумен айналысады. Алматы индустриалды аймағында компания металл құрылымдары мен полиэтилен құбыр фитингтерін шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 2 млрд. теңгені құрайды. 90-ға жуық жұмыс орны ашылады.

Құрылысы осы жылдың тамыз айында басталатын «QAZAQ STROY» құрылыс материалдарын өндіру зауыты сегіз жобаны аяқтайды.

«Бұл компания әлеуметтік және коммерциялық тұрғын үй құрылысы ретінде танымал. Ал олардың құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салса, өтімді болар еді. Индустриялды аймақта компания газоблоктарды, бетонды, жиектастарды, баспалдақ марштарын, канализациялық шығыршықтарды, жылу трассаларының лотоктарын өндірмек. Жобаның құны 5,5 млрд. теңгені құрайды. 180 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда», –  деді Ә. Амралин.

Осылайша, индустриялық аймақтың 8 жаңа жобасы 772 адамды жұмыспен қамтиды. Жалпы сомасы 29,35 млрд. теңгеге жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі