Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен онлайн режимдегі бейнебайланыс конференцияда Алматының индустриалды аймағындағы жобаларды қарау жөнінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша, индустриалды аймаққа қатысушылардың реестріне алты жаңа жоба енгізілді, олар: сэндвич-панельдерді, блок модульдер мен металл конструкцияларды шығаратын заманауи зауыт құрылысы («ДорХан - Алматы» ЖШС), металл тосқауыл қоршауларды, көпір және жол топтарын шығаратын зауыт құрылысы («CELKONSAN Stroy» ЖШС), армирлегіш торларды, кварц агломераттар және пішінделген құбырлар шығаратын зауыт құрылысы (««Kapital Construction» ЖШС), газбетон блоктарын шығаратын зауыт құрылысы («StroyProduction» ЖШС), шағын өндірістік парк құрылысы, («Алтын Даурен Бизнес» ЖШС), шағын өндірістік парк құрылысы («Насихатұлы» ЖК).
Бақытжан Сағынтаев инвестициялық жобаларды іске асыру белгіленген мерзімінде іске асуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ индустриалды аймақ қатысушыларына іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі