Алматының Индустриалды аймағы аумағында бес жылда 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

18.08.2020

Бүгін «Алматы – Индустриалды аймағы» аумағында өңірлік коммуникациялар қызметі брифинг өткізді. «Алматы – Индустриалды аймағы» ЖШС директоры Берікбол Мәндібаевтың айтуынша, 2016 жылдан бері Алматының Индутриалды аймағы аумағында жалпы сомасы 69,6 млрд тг болатын 13 кәсіпорын пайдалануға берілді. 1952 жұмыс орны құрылып, 2 млрд тг салық төленді, 63,3 га жер игерілді.

Тағы 47 жоғары технологиялық жоба жүзеге асырылу кезеңінде, алдағы жылдары іске қосылады.

Алматының Индустриалды аймағына 261 млрд тг барлығы 60 компания қатысады, оның ішінде 18-і шетелдік қатысушылармен (Қытай, Ресей, Жапония, Иран, Малайзия, БАӘ, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ) 8,6 мың жұмыс орны құрылған.

Биылғы жылы металл өңдеу және жылжымалы қақпаларды шығару бойынша қуаттылығы 12 125 бірлік 42 жұмыс орнына шақталған кешен іске қосылды.

Жыл соңына дейін жалпы сомасы 30,1 млрд тг сомасына 9 жобаны іске қосып, 1131 жұмыс орнын құру жоспарлануда. 2021 және одан кейінгі жылдары 160,7 млрд тг сомасына 5,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы 38 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Анықтама: Индустриалды аймақ 2012 жылы құрылды. 2015 жылы «Индустриалды аймақ – Алматы» ЖШС Басқарушы компаниясы құрылды. Оның жалпы аумағы 490 га құрайды, оның ішінде жобалар үшін 326 га (164 га инфрақұрылымға) бөлінді. Бүгінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 273 га бөлінді (52,9 га бос).

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі