22.06.2023
Осы жылдың 5 айында Алматы экономикасының жоғары өсу қарқыны қамтамасыз етілді. Мегаполистің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 122,2%-ға дейін жеделдеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.
Экономика өсімінің драйверлері сауда (+27,2%), өңдеу өнеркәсібі (+24,4%), көлік және қоймалау (+16,7%) болды. Негізгі капиталға 484 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте, жеке инвестициялар 2,7% - ға өсті. Іскерлік белсенділік индексі 58,7 б. т. дейін жеделдеді.
«Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жыл басынан бері 29,4 мың жұмыс орны құрылды, оның 60%-ы тұрақты«, - деп атап өтті Ерболат Досаев.
Дереккөз: Almaty.tv