Алматының екі миллионыншы тұрғыны полиция қызметкері мен балабақша тәрбиешісінің отбасында дүниеге келді

10.08.2021

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғыны атанған Аяла Жамбылдың отбасында болды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың саны 19 миллионға жетті, ал Алматыда бұл көрсеткіш екі миллиондық межеден асты.

Аяла Жамбыл полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жаныбекованың отбасында дүниеге келді. Ол – отбасындағы алтыншы қыз. Б. Сағынтаев жаңа туған нәрестеге және оның ата-анасына денсаулық, бақ-береке және бақыт тіледі.

Бейбіттің анасы Рысты Сатылғанова Аяланың он екінші немересі екенін және күтпеген жерден танымал болғанын айтады. Айта кетерлігі, қалалық ұлттық статистика бюросының мамандары кішкентай нәрестенің Алматының екі миллионшы тұрғыны болғанын анықтаған.

«Біз Қарғалы шағын ауданында Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты болған кезден бастап тұрамыз. Қалаға қосылғаннан бері көптеген өзгерістер болды. Біріншіден, барлық көшелер жарықтандырылды, жолдар жөнделді және тротуарлар төселді. Келесі жылы сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі, өйткені Қарғалы өзенінде жаңа су станциясы іске қосылатын болады», - деді Р. Сатылғанова.

Аяланың ата-аналары – Бейбіт пен Әлияның айтуынша, қазіргі кездегі басты міндет – денсаулықты сақтау, сондықтан коронавирусқа қарсы түратын екпе салдыру қажет екенін, балалардың қалыпты өмір сүруі және оқуы, салауатты қоғамда өмір сүруі үшін екпе салдыру керек.

Абай атындағы ҚазҰПУ саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Сілтіков Алматы қаласы тұрғындарының демографиялық өсімі «Шетсіз қала» қағидасына сәйкес әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі екенін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің 30 жылында Алматы Орталық Азия аймағындағы ең ірі қалаға айналды. Мәдени-экономикалық орталық ретінде қала одан әрі дами береді. Бұл процесс оң әсер етеді, өйткені экономикалық белсенді халықтың үлесі өседі. Халықтың демографиялық өсуі қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау, жұмыс орындарын құру, жаңа технологияларды дамыту, мегаполисте өмірдің барлық салаларын цифрландыру бойынша бар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деді Ж. Сілтіков.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі