Алматының денсаулық сақтау бюджеті медициналық сақтандырудың арқасында өсті

11.08.2021

Алматы қаласының әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қаладағы медициналық сақтандыру туралы айтты. Оның айтуынша, пандемиямен байланысты қиын жағдайларға қарамастан, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу нәтижелері медициналық сақтандыру жүйесінің толық жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді, ал қаланың денсаулық сақтау бюджеті айтарлықтай өсті.

Т. Әбілдаевтың айтуынша, биыл МӘМС бюджеті 246,6 млрд тг, оның ішінде МӘМС-ға 158,3 млрд тг, МӘМС жүйесінде 88,3 млрд тг құрайды.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетінде Алматы қаласында медициналық көмекке ақы төлеуге шамамен 53,6 млрд тг бөлді. Шығындардың көп бөлігі стационарлық медициналық көмекке төленді, бұл 27,9 млрд тг асады», — деді Тілеухан Әбілдаев.

Өткен жылмен салыстырғанда жоғары технологиялық операцияларды қаржыландыру 2,1 млрд тг артты. Егер 2020 жылы 11,8 млрд тг бөлінсе, биыл бұл сома 13,9 млрд тг құрады. Ағымдағы жылдың 6 айында халыққа жоғары технологиялық қызмет көрсетуге 8,2 млрд астам тг бөлінді.

Алматы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры қымбат ЭКҰ процедурасына байланысты мысалдар келтірді.

«Егер 2020 жылы 563 млн тг сомасында 643 ЭКҰ манипуляциясы жүргізілсе, онда биыл 3245 қызметке 3,1 млрд тг бөлінді. 5 есе өсу байқалады. Биыл 1,1 млрд тг сомасына ЭКҰ-ның 1173 процедурасы жүргізілді», — деді Қор директоры.

Алматыда Медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісім аясында сегіз медициналық ұйым экстракорпоральды ұрықтандыруды іске асыруда.

МӘМС кардиохирургияға мұқтаж науқастарға үлкен қолдау көрсетуде. Биыл жоғары технологияны қолдана отырып, 3,2 млрд тг сомасында 837 қызмет көрсетілді. Тағы 2,4 млрд тг күндізгі стационарлық қызметке ақы төлеуге жұмсалады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу медициналық оңалтуды қаржыландыруды ұлғайтуға және оның қолжетімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді», — деді Т. Әбілдаев.

Биыл оңалту қызметіне 7,7 млрд тг бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Салыстыру үшін, Қор директоры 2019 жылы оңалту шараларына тек 0,6 млрд тг жұмсалғанын еске салды. Оның айтуынша, бүгінде 62 емхана оңалту қызметін көрсетеді, бұрын тек төртеуі ғана болған. Жыл басынан бері алматылықтарды оңалту көмегіне 3,8 млрд бөлінген.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі