Алматы қаласының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және жаңа «омикрон» штамының табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулыда бірқатар шектеу бар.
- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, уй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, уйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу;
- қоғамдық орындарға, онын iшiнде қоғамдық көліктерге және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану қажет.
- ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде («кызыл» мәртебе) және науқаспен жақын байланыста болған кезде («сары» мәртебе)
- 14 кун iшiнде өзін оқшаулау режимі.
Қаулы 2022 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Дереккөз: Almaty.tv