18.05.2023
Алмалы ауданында жалпы ұзындығы 25 км болатын аудандық маңызы бар 11 көше мен 5 магистральдық көшені орташа жөндеу маусым айында басталады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді.
Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінді.
«Орталықсыздандыру аясында биыл аудан әкімдіктері тек жолдарды жөндеуді бастайды. Бұл үшін Алмалы ауданына 500 млн теңге бөлінді, бұл шара 46 мың м2 жол төсемін жөндеумен қамтуға мүмкіндік береді«, - деді әкім.
Дереккөз: Almaty.tv