06.12.2021

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов хабарлады. Ол 13 көшеде жаңа асфальт төселгенін айтты.

Сонымен қатар Райымбек – Розыбакиев көшелері бойындағы жолайрығына жөндеу жүргізіліп, 20 мекенжай бойынша 5 шақырым тротуар желісінің құрылысы аяқталды.

Қазіргі кезде бұрын реттелмейтін төрт қиылысты бағдаршамдармен жабдықтау және реттелетін батырмалы бағдаршамдарды орната отырып, 8 жаяу жүргіншілер өткелін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

Ержан Сейтенов аулалар мен көшелерді жарықтандыру туралы да айтты.

- Осы жылға жоспарланған 84 жарықтандырылмаған және жартылай жарықтандырылған учаскелердің бойын жарықтандыру толығымен аяқталды. Ауданның 14 монументалды ескерткішіне қосымша жарық түсірдік, - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар Әлімжанов көшесінің Панфилов көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі және Шәріпов көшесінің бойымен Абай даңғлынан Мақатаев көшесіне дейінгі ескі сыртқы жарық шамдары жаңарды.

Есентай өзенінен Сайран көліне дейін Шевченко, Желтоқсан көшелері мен Абай даңғылының бойындағы көше жарығын жаңарту жұмыстары жалғасуда.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі