Алатау ауданының 2021 жылдың 11 айындағы экономикалық нәтижелері туралы оның әкімі Азамат Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды.
Алатау ауданы басшысының айтуынша, 2021 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке 49 млрд 153 млн теңге түскен. Оның ішінде республикалық бюджетке 26 млрд 803 млн теңге, жергілікті бюджетке 22 млрд 350 млн теңге түсті.
«Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 11 айда 259,6 млрд теңгені құрады», – деді Азамат Қалдыбеков.
11 айда негізгі капиталға инвестициялар – 105 млрд 400 млн теңге.
Оның айтуынша, биыл жұмыс орындарын құру жоспары 104,2%-ға орындалды – жыл басынан бері 3 960 жұмыс орны ашылды.
Биылғы жылы аудан кәсіпорындарына берілетін субсидияның жалпы сомасы 182 млн 448 мың теңгені құрап, 145 жаңа жұмыс орнын ашты.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша биыл өндірісті кеңейту үшін «Масло-Дел» ЖШС субсидияланды. Несиелеудің жалпы сомасы – 7,8 млрд теңге, субсидия сомасы – 585 млн теңге. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша бірінші бағыт бойынша жалпы сомасы 373,3 млн теңгеге 63 жоба несие қаражатын алды. Аталған бағдарламаның екінші бағыты бойынша-жалпы сомасы 4 млрд 34 млн теңгеден асатын 31 жоба. Almaty business – 2025 өңірлік бағдарламасы аясында 24 жоба жалпы сомасы 332,1 млн теңгеге несие алды, 69 жаңа жұмыс орны ашылды», – деді Алатау ауданының әкімі.
Бүгінде аудан өнеркәсібі екі ірі компаниядан («Масло-дел» ЖШС және «HyundaiTransKazakhstan» ЖШС), төрт орта компаниядан («Алматы электр қалқандары зауыты» ЖШС, «Либеллаботлерс Алматы» ЖШС, «Бижан» ЖШС және «Техновид Плюс» ЖШС) тұрады.
Дереккөз: Almaty.tv.