ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 наурыздағы шешіміне сәйкес бухгалтерияны SaaS моделі бойынша орталықтандырылған бұлтты шешімге ауыстыру қажет. Аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай айтып берді.
Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі білім беру ұйымдарында қаржылық-шаруашылық қызметті ашық жүргізу үшін бұлтты бухгалтерия енгізуді жоспарлап отыр.
Анықтама: 451 мемлекеттік білім беру ұйымы, оның ішінде:
- 189 балабақша (17-ММ, 172-КМҚК);
- 207 мектеп;
- 14 интернат;
- 22 колледж;
- 17 мектептен тыс ұйым;
- 2 басқа
Бірінші кезең – 240 білім беру ұйымында (мемлекеттік мекеме) қолданыстағы бухгалтерлік есеп бұлтты бухгалтерияға ауыстырылады.
Екінші кезең – 211 білім беру ұйымында (коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын) қолданыстағы бухгалтерлік есеп бұлтты бухгалтерияға ауыстырылады.
Бұлтты бухгалтерия – бұл қашықтағы серверде орналасқан және интернет арқылы жұмыс істеуге арналған бухгалтерлік бағдарламалар жиынтығы. Серверлер «Қазақтелеком» АҚ-ның дата-орталықтарында орналасқан. Бұлтты бухгалтерия қызметкерлерге арналған автоматтандырылған жұмыс орны болғандықтан, пайдаланушыға толық жұмыс істеу үшін тек компьютер және интернетке тұрақты қол жетімділік қажет.
Күтілетін нәтиже:
- есептердің дұрыс толтырылуын автоматты түрде тексеру (форма ішілік және форма аралық тексерулер);
- шоғырланған көрсеткіштерді жою;
- қаржылық есепті автоматты түрде шоғырландыру;
- алынған шоғырландырылған көрсеткіштердің мағынасын ашу.
Бұлтты бухгалтерия аясында enbek.kz-пен интеграциялап, электронды кадрлар есебін енгізу, педагог кадрлардың өтілін анықтау, жалақыны есептеудің ашықтығы және т.б. жоспарланған. Бухгалтерлік есептің барлық тарихи деректері сақталып, үлгілік конфигурацияға көшіріледі.
Айта кету керек, бұл шешімді қолдану арқылы адамдарды автоматты талдау жүйелеріне ауыстыру туралы сөз болып отырған жоқ. Барлық қатысушылар (мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі, кадрлар жөніндегі жауапты қызметкер, бухгалтер) жұмыс орнына немесе нақты компьютерге байланбай қашықтан қол жеткізе алады. Бұлтты бухгалтерияны енгізу есебінен жұмыс орындарын қысқарту көзделмейді, негізгі мақсат басқармалар алдында да, жоғары тұрған органдар алдында да есеп берудің ашықтығын арттыру болмақ.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі