Білім басқармасы арнайы бағдарлама әзірлеген.
Биыл Алматыда 1-4 сынып оқушыларының ата-аналары баласын демалысқа қайда жіберемін деп уайымдаған жоқ. Білім басқармасында мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы қарастырылды. Олар туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ӨКҚ брифингі барысында айтып берді.
Жазғы демалысты қаладағы 183 мектептің жанындағы лагерьлерде жарты күн өткізуге болады. Сонымен қатар, демалыс қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерьлерінде жүзеге асырылады.
Мәселен, 1-21 маусым аралығында Алмалы және Медеу аудандарында тұратын 1030 бала »Спутник» балалар сауықтыру орталығында демалды. »ГауһарТау» сауықтыру кешеніне Жетісу мен Наурызбай аудандарынан тағы 180 бала келді.
«Жанұя»мамандандырылған кешенінде тәрбиеленіп жатқан 90-нан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бір ай бойы Оқушылар сарайының »Өрнек» жазғы лагерінде демалды. Тамыз айында Алматы SOS балалар ауылының 43 тәрбиеленушісі »Спутник» балалар сауықтыру орталығында демалады«, - деді Ләззат Жылқыбаева.
Білім басқармасы арнайы бағдарлама әзірлеп, алматылық мектеп оқушылары үшін түрлі ойындар, қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Дереккөз: Almaty.tv.