Короновирус инфекциясы таралуының алдын алу және шектеу шаралары енгізілген кезде кәсіпкерлік нысандарды қолдау үшін Ashyq пилоттық жобасы іске қосылды. Аталған жобаны іске асыру үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары Өңірлік кәсіпкерлер палаталары және басқа да бірқатар ұйымның қатысуымен жобалық кеңсе құрылды.
Жобалық кеңсе Ashyq жобасын дамыту бойынша Жол картасын және Ashyq пилоттық жобасын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыстың медиа жоспарын әзірледі.
22 қаңтардан бастап Ashyq қосымшасы Infokazakhstan.kz платформасымен интеграцияланды. Платформа арқылы қатысушы өтінім беріп, QR код ала алады.
Пилоттық жобаның бірінші кезеңі 17 қаңтардан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында сәтті іске асып жатыр.
17.03.2021 жылғы жағдай бойынша пилоттық жоба аясындағы жұмыс нәтижелері мынадай:
«ASHYQ» қосымшасы 32 808 рет жүктелді;
нысандарға барлығы 233 QR код берілді:
- Нұр-Сұлтан қ. - 62 QR (пилоттық жобаға қатысушылар саны 35)
- Алматы қ. - 110 QR (пилоттық жобаға қатысушылар саны 52, тізім әкімдіктің ресми сайтында орналасқан https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/article/details/43974?lang=kk)
- Қарағанды қ. - 34 QR (пилоттық жобаға қатысушылар саны 16).
Жобалық кеңсенің (ҚР ЦДИАӨМ, ҚР ДСМ, ҚР ҰКП) шешімі бойынша пилоттық жобаны 5 кезеңмен іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді:
- 1-кезең: барлық аймақтар үшін ресепшн бар рұқсат етілген қызмет түрлері (фитнес-орталықтар, спа-орталықтар, бассейндер, сауналар)
- 2-кезең: компьютерлік және боулинг орталықтары;
- 3-кезең: кинотеатрлар және онлайн брондау мүмкіндігі бар барлық нысандар;
- 4-кезең: жұмыс жасауға тыйым салынған қызметтің барлық түрлері (оның ішінде фудкорт, банкет залдары, караоке);
- 5-кезең: Ashyq жобасын барлық аймақтарға тарату.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №7 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпкерлік нысандарында Ashyq мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы шешім қабылданды.
«Ashyq» пилоттық жобасы келесі кәсіпкерлік нысандарда іске асырылады:
- фитнес-клубтар;
- спа орталықтар;
- сауналар, бассейндер;
- компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);
- боулинг клубтар.
Пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік нсындарда әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеудің келесі критерийлері қолданылады:
- коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың орташа деңгейіне арналған әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлері қолданылады («сары» аймақ);
- коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі орташа өңірлерде («сары» аймақ) коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі төмен әлеуметтік-экономикалық нысандардың («жасыл» аймақ) жұмысын шектеу критерийлері қолданылады(яғни жоба қатысушыларына алдыңғы эпидаймақ бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі: егер аймақ «қызыл» эпидаймақта болса, онда «сары» аймаққа сәйкес, егер «сары» аймақта болса, онда «жасыл» аймаққа сәйкес жұмыс істеуге рұқсат етіледі).
Бұл ретте Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік субъектілері келесі шарттардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет:
1) жобаға қатысатын кәсіпкерлік нысандарына келушілерді кіргізу, келушінің мәртесебін айқындау үшін кіреберісте арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда ғана іске асырылады:
- «жасыл» статус - келуші дерекқорда ПТР-тестілеуден өтіп, COVID-19 анықталмаған адам ретінде белгіленген;
- «көк» статус - ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болмаған;
- «сары» статус – дерекқорда COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде белгіленген;
- «қызыл» статус – дерекқорда COVID-19 анықталған адам ретінде тіркелген.
2) келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік нысанның қызметкері келушінің статусын оның келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді.
3) «сары» (COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған), «қызыл» (COVID-19 анықталған) статусқа сәйкес оқшаулануы тиіс адамдар пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік нысандарына кіргізілмейді.
Бас санитариялық дәрігердің 26.02.2021 жылғы №7 қаулысының 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының әкімдеріне, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аумақтық департаменттері басшыларына «пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік нысандардың тізбесін айқындауды» қамтамасыз ету тапсырылған.
Пилоттық жобаға қатысушылардың барлығы келушілердің QR-кодты сканерлеу ережесін қатаң сақтауы тиіс. Деректер тұрақты түрде жиналып, өңделіп, сканерлеу көрсеткіштері төмен қатысушылар пилоттық жобадан шығарылады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі