Инфрақұрылымды дамыту, көлік, экология, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық — кез келген мегаполис үшін өзекті мәселелер. Осы салалардағы міндеттерді шешіп, барынша оң нәтижеге қол жеткізу тек жергілікті атқарушы органдардың ғана емес, қала тұрғындарының да күш-жігерін біріктіруді қажет етеді.
Алматыда iAzamat мобильді қосымшасы тұрғындар мен қала әкімшілігінің диалог алаңына айналды. Оны App Store мен Google Play-де жүктеуге болады.
Сауалнамалар мен дауыс беру, қалалық жаңалықтар мен оқиғалар, белсенділік үшін бонустар – мұның бәрі iAzamat-та бар.
IAzamat қосымшасын жүктеп дауыс беріңіз, талқылаңыз, ұсыныңыз – әр азаматтың Алматыны дамытуға қатысқаны маңызды!
Тұрғындардың бей-жай қарамай, белсенділік танытуы барынша жайлы, таза және қауіпсіз қала болуға жасалған маңызды қадам.