19.01.2023

Бүгінде пациенттердің 80 пайыздан астамы онлайн, көбінесе смартфон арқылы тіркеледі.

Дәрігердің қабылдауына қалай жазылу керек? Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Лейла Иманғалиева қала емханаларында дәрігердің қабылдауына жазылу ережелері мен тәртібі туралы айтып берді.

«Тар бейінді маманның қабылдауына жазылу үшін алдымен жалпы тәжірибелік дәрігерге жолдама алу керек. Оған тіркелу негізінен онлайн режимде өтеді. Сондай-ақ қала тұрғындары емхананың Call-орталығына қоңырау шалып, телефон арқылы да қабылдауға жазыла алады. Жедел мамандандырылған көмекті қажет ететін шұғыл жағдайда тар бейінді маманға ЖТД жолдамасыз жүгінуге болады», - деп түсіндірді Лейла Иманғалиева.

Мұндай жағдайларға шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, соның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық, шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету кезінде, дерматовенерологиялық профильдегі ауруларда, акушер-гинекологқа және тіркелген жердегі психологқа, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындаған жағдайда, жастар денсаулық орталықтарына динамикалық бақылаудағы ауру профиліне сәйкес, бір жағдай шеңберінде мамандандырылған маманға қайта қабылдау кезінде, жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін көрсету кезіндегі жағдайлар жатады.

Иманғалиева Лейла атап өткендей, мобильді қосымша немесе сайт арқылы қабылдауға жазылуға болады. Бүгінде пациенттердің 80 пайыздан астамы онлайн, көбінесе смартфон арқылы тіркеледі.

Тек белгілі бір дәрігердің профилі бойынша созылмалы аурулары бар және осы дәрігердің диспансерлік тобына енгізілген алматылықтар ғана тар бейінді мамандарға өз бетінше жазыла алады.

«Мәселен, 1-түрі қант диабетімен ауыратындар эндокринологтың диспансерлік тобына кіреді. Мұндай науқастарда тиісті белгі болады», - деп түсіндірді Лейла Иманғалиева.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.