28.10.2021

Мегаполисте кезекте тұрғандардың саны артып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қалалық Жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев хабарлады. Ол биыл қанша қала тұрғыны шаршы метр алғанын айтты.

2021 жылы кезекте тұрғандардың тізімі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында мыңдаған қала тұрғыны әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгендіктен айтарлықтай қысқарды.

«Биыл жалпы ауданы 248,5 мың шаршы метр немесе 3 959 пәтер пайдалануға беру жоспары бекітілді, оның ішінде 1 892 пәтер «сатып алу құқығынсыз жалға беру» желісі бойынша және 2 067 пәтер «банк салымшылары мен ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй» желісі бойынша. Біз «Отбасы банкімен» бірлесіп мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз», - деді С. Нұрашев.

Мысалы, биыл Наурызбай ауданының «Алма сити-5» ТК-де 37 үй немесе 1 110 пәтер салынды. Осы ауданда инвестор қаржысы есебінен «КазахСтрой» ЖШС 1 200 орынды мектептің құрылысы басталды.

Сонымен қатар Алатау ауданындағы «Мәдениет» ТК-де төрт үй немесе 144 пәтер салынды, мұнда 160 орындық балабақшаның құрылысы жоспарланған.

«Бұл үйлердің барлығы пайдалануға берілді, кезекте тұрғандардың бір бөлігі пәтерлерін алды. Мысалы, «Алма Сити-5» тұрғын үй кешеніне 227 аз қамтылған көп балалы отбасы және 440 кезекте тұрған - «Отбасы банкінің» салымшылары қоныстанды», - деп жалғастырды сөзін С. Нұрашев.

Қазіргі уақытта Түрксіб ауданының «Жас Қанат-2» ТК құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда, мұнда егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен тоғыз қабатты 41 үйдің құрылысы қарастырылған, оның ішінде жыл соңына дейін 2 705 пәтерлік 35 үй салынады. Қалған алты көпқабатты үй 2022 жылы салынады.

«Жас Қанат-2» ТК аумағында 260 орындық балабақша, 340 адам қабылдайтын емхана және 1 500 орындық мектеп салынады. Құрылыс 2022-2023 жылдары аяқталады.

Сөзінің соңында С. Нұрашев Алматыда қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жалғасатынын, өйткені бұл қала әкімдігі жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі екенін атап өтті.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі