28.07.2022
Алматылықтар салынып жатқан тұрғын үй нысандарының заңдылығы туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының телефон нөмірі арқылы біле алады.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, сенім телефоны арқылы салынып жатқан тұрғын үй кешендері туралы ақпарат алуға, құжаттар пакетінің бар-жоғын білуге болады. Бұл тұрғындарды заңсыз салынатын үйлерден баспана алу қаупінен қорғайды.
Сенім телефонының нөмірі: +7 (727) 229-81-36.
«Көрсетілген нөмір бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін кеңес алуға болады», - делінген басқарманың хабарламасында.
Дереккөз: inform.kz