Алматылықтар көлікті тағы бір автоорталықта қайта рәсімдей алады

25.02.2021

1 наурыздан бастап алматылықтарға көлікті қайта тіркеу үшін қала сыртына шығу қажет болмайды. Бұрын №1 мамандандырылған ХҚКО-да (Саялы ықшамауданы) көлік құралдарын сатып алу-сатуды ресімдеу бойынша қызмет көрсеткен барлық оператор «Avtodom» автокешенінің ғимаратына көшіріледі (Сәтбаев к-сі 90/21). Осыған байланысты 27 ақпанда №1 мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетпейді.

Осы жылдың басында «Avtodom» сауда орталығында шағын бұрыш ашылды, онда көлікті қайта тіркеу қызметін тек бір оператор ғана ұсынған болатын. Мемлекеттік корпорация бұл бұрышты кеңейтіп, автоХҚКО-ның толыққанды секторына айналдыру туралы шешім қабылдады.

«Халық ең көп баратын мамандандырылған ХҚКО жүктемесін азайтып, алматылықтар үшін қайта тіркеу қызметін ыңғайлы жерден ала алатындай ету маңызды болды. Жаңа локация қала сыртына шықпай-ақ, сатып алынған машинаны қайта ресімдеу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Біз тіркеу бөлімінің 50 маманын осы секторға көшіруді жоспарлап отырмыз», – дейді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Пандемияға қарамастан, халыққа қызмет көрсету орталықтары клиенттерінің саны азайған жоқ. Өткен жылы алматылықтарға автокөліктерді қайта тіркеу бойынша 608 мың қызмет көрсетілді, бұл республика бойынша көрсетілген қызмет көлемінің 24%.

Саялы ықшамауданындағы №1 мамандандырылған ХҚКО-да алматылықтар бұрынғыдай жүргізуші куәлігін ресімдеуге байланысты мемлекеттік қызметтерді алуды жалғастырады. Атап айтқанда, теориялық, практикалық емтихандарды тапсыру, жүргізуші куәлігін жоғалуына және мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстыру, қосымша жүргізуші категориясын алу және т. б. қызметтер.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар автоқызметтерді онлайн түрде eGov.kz және kaspi.kz қосымшасы арқылы рәсімдей алады.

Анықтама:

Жүргізуші куәлігін алу кезінде практикалық емтихан тапсыру мен медициналық тексеруден өту Саялы және Кемел ықшамаудандарының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады. Бұдан басқа, автокөлікті ресімдеу бойынша шағын бұрыштар ALLUR AUTO, Astana Motors және Aster Auto салондарында жұмыс істейді.

Алматыда барлығы 5 автоХҚКО жұмыс істейді. АвтоХҚКО-ның жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.

Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-ның мекенжайы:

  • Алатау ауданы, Саялы ықш., Ақ қайнар к-сі, 1 (жүргізуші куәлігін ресімдеу)
  • «Avtodom» мамандандырылған ХҚКО секторы, Сәтбаев к-сі 90/21
  • Түріксіб ауданы, Майлин к-сі, 85
  • Жетісу ауданы, Серіков к-сі, 6а
  • Түріксіб ауданы, Қайрат ықш., 181-182 к2
  • Жетісу ауданы, Кемел ықш., Ақсуат көшесі, 118

Ақпарат көзі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы