Оның айтуынша, жалпы қала бойынша 2022 жылдың 9 айында бірқатар профилактикалық егулермен халықты қамтудың қажетті деңгейіне жеткен.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жүргізіліп жатқан иммунопрофилактика жайлы айтты.
Оның айтуынша, жалпы қала бойынша 2022 жылдың 9 айында бірқатар профилактикалық егулермен халықты қамтудың қажетті деңгейіне жеткен (кем дегенде 71,2% -74,9%).
Оның ішінде 4 айлық балаларды көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, В вирусты гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы (АбКДС3) қамту– 73,9%, 12-15 айлық балаларды пневмококктық инфекцияға қарсы егу Пневмо3- 72,5%, 12-15 айлық балаларды қызылшаға, қызамыққа, паротитіне қарсы ҚҚП1- 76,1%, 6 жастағы балаларды қызылшаға, қызамыққа, паротитіне қарсы ҚҚП2 қайта егу – 71,7%, 6 жастағы балаларды көкжөтелге, дифтерия, сіреспеге қарсы (бустрикс АбКДС5) -71,1%, 18 айлық балаларды көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға қарсы (АКДС4) қамту – 70,4%, 16 жастағы жасөспірімдердің дифтерия мен сіреспеге қарсы АДС-М вакцинасымен егу -69,7%, дифтерия мен сіреспеге қарсы ересектерді АДС-М вакцинасымен егу - 90,5% құрады.
Перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді «В вирусты гепатитіне» қарсы екпемен қамту- 86,1% және туберкулезге қарсы – 86,1% пайызды құрады. Уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер мен ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы жаңа туған нәрестелерді вакцинациямен жеткіліксіз қамтудың негізгі себептері болып қалып отыр.
«Бүгінде Алматыда халықты жоспарлы профилактикалық егуге қажет вакциналардың бәрі бар. Қалада КВИ-ға қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялау жалғастырылуда. 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 10 қазанға дейін І компонентпен 1 219 584 адам КВИ-ға қарсы вакцинацияланған, бұл жоспарланған халықтың 81,5%-ын құрап отыр (егілуге жататындар саны 1496730 адам), II компонентпен вакцинациялаудың толық курсын 1197291 адам қамтылды (80,0%)», - деді Әсел Қалықова.
КВИ-ге қарсы ревакцинация. 2021 жылғы 22 қарашадан бастап халықтың КВИ-ге қарсы ревакцинациясы жалғасуда. 2022 жылдың 10 қазандағы жағдай бойынша 2021 жылдың 1-ші ақпанымен 2022 жылғы 30-шы сәуір аралығында вакцинацияның толық курсын алған 898711 адамның 616143-і, яғни 68,5% ревакцинациямен қамтылды. КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациямен 77235 (55,8%) адам қамтылған.
Қаладағы иммундық қабат жалпы халық (2048436) санының 42,2%-ын (863988) құрады, оның ішінде соңғы 6 айда егілгендердің (828141) есебінен 40,4%-ын және (35866) КВИ-мен ауырған науқастардың есебінен 1,7%-ды құрады.
Дереккөз: Almaty.tv.