Мерекелік іс-шаралар бір мезетте бірнеше жерде өтетін болады.
Алматыда қала күніне орай 16-18 қыркүйек аралығында мерекелік іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдар көре алады.
Мерекелік іс-шаралар бір мезетте бірнеше жерде өтеді: Тұңғыш Президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелері, Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда, Астана алаңы және «Алматы Арена» мұз сарайында.
16 қыркүйек
● 15.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында республикалық ақындар айтысы өтеді.
● 16.00-де «Медеу» мұз айдынында «Medeu Party» халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді.
17 қыркүйек
● Сағат 17.00-де «Астана» алаңында «Gakku дауысы» заманауи қазақстандық музыка фестивалі өтеді.
● Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді (Алатау ауданы: «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы аумақ; Алмалы ауданы: Mega Park СОО аумағы; Әуезов ауданы: Family park аумағы; Бостандық ауданы: Mega Almaty; Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданының жаяу жүргіншілер аймағы; Медеу ауданы: Орталық мәдениет және демалыс саябағы; Наурызбай ауданы: Шұғыла көшесі, 347 мекен-жайындағы әкімдік ғимаратының алды; Түрксіб ауданы: Сейфуллин атындағы саябақ).
17-18 қыркүйек сағат 11.00-ден бастап Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда (Жібек Жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы) 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған «Сүйемін сені, Алматы» фестивалі өтеді.
18 қыркүйек
● 11.00-де Тұңғыш Президент саябағында «Алма fest» негізгі мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылады, соның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және көптеген іс-шара өтеді.
● 18.00-де Almaty Arena мұз кешенінде Salem Almaty концерті өтеді.
● 19.00-де «Астана» алаңында Zhuldyzdy Live концерті болады.
Дереккөз: Almaty.tv.