Қала құрылысын бақылау басқармасы «Есік жолдары» ЖШС мен «АлматыДорСтрой» ЖШС Наурызбай ауданындағы күре жолдарды сапасыз салғандары үшін лицензиядан айырылғандығы туралы хабарлайды.
Тексеру нәтижелері жұмыстардың жобалық шешімге сай болмағанын және бірқатар құрылыс нормасы мен ережесінің бұзылғанын көрсетті. Біздің тараптан мердігер ұйымдарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар сотқа жіберілді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот біздің талабымызды қанағаттандырып, мердігерлерді құрылыс жүргізу лицензияларынан айырды.
Айта кетерлігі, екі компания да құрылыс нарығындағы ірі жол салушылар болып табылады және Алматыда бірнеше жылдан бері жол салып келеді.
Бұдан өзге, ведомство Алматы көшесінің бойында жол құрылысын жүргізген тағы бір мердігер ұйым ДСУ-13 материалдарының сотқа берілгенін атап өтті.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі