11.01.2023

Өткен тәулікте қалада 158 ЖКО тіркелді.

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шарасын күшейтуге шақырады.

«Оларды жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін және мұқияттылықты арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаны болдырмауға септігін тигізеді», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.

Алматы ПД ЖПҚБ кезекші бөлімінің мәліметінше, өткен тәулікте қалада 158 ЖКО тіркелді, оның 25-і - жарақат алғандармен. Қайтыс болғандар жоқ.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.