Алматылық оқушылар робототехника бойынша турнирде үздіктерді анықтады

27.05.2022

Жарысқа келесі IT-бағыттар бойынша қаланың 200-ден астам командасы қатысты.

Алматыда «Алматы BALAFEST» қалалық фестивалі аясында оқушылар арасында IT-хакатон аяқталды.

Жарысқа келесі IT-бағыттар бойынша қаланың 200-ден астам командасы қатысты:

1. Робототехника.

2. Мобильді қосымшаларды әзірлеу.

3. Сайттар құру.

4. 3D модельдеу.

5. Ойындар құру.

Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, ғылыми-техникалық бағыттарды танымал ету. 

Хакатон қорытындысы бойынша 48 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар үшін жазғы IT-лагерь ұйымдастырылады, онда оқушылар робототехника және IT бойынша халықаралық жарыстарға қатысу үшін дайындықтан өтеді.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.