Алматылық эпидемиолог вирустың мутациялануының алдын алудың жалғыз жолы вакцина деді

07.07.2021

Жаңа «Үнді» штамының тез таралуы мен қауіпті індет бойынша Алматы «қызыл аймақта» тұр.  Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы  Күләш Құрманова жағдайдың неге бұлай болып жатқанын және алматылықтарға қалай сақтану керектігін  түсіндірді.

К. Құрманованың айтуынша, қаладағы эпидемиялық жағдай күрделі. Өйткені жаңа «дельта» штамының контагиоздығы жоғары әрі анықталған штамдарға қарағанда 60%-ға жұқпалы. Егер SARS-CoV2 айналмалы штамын бір жұқтырған адам оны айналасындағы 3-4 адамға жұқтырса, «Үнді» дельта штамын 5-6 адам жұқтырады. Штамның инкубациялық кезеңі қысқа, 7 күнге дейін. Сондай-ақ ауру жұқтырған адамның буындары мен іші қатты ауырады, жүрегі айнып, құсқысы келеді. Ауру аяқтың төменгі бөлігінің микротромбозына әкелуі мүмкін.

«Соңғы зерттеулер көрсеткендей, «үнділік» коронавирус штамының қауіптілігі сол, ауруханаға жату мен өлім қаупі жоғары. Коронавирус инфекциясынан кейін дерттің ауырлығына қарамастан эндотелиит, тамырлы микро және макротромбоз түрінде асқынулар байқалады, яғни әртүрлі органдар мен жүйелерге әсер етуі мүмкін», — деді профессор.

Вирустың мутациясы туралы сұраққа К. Құрманова құрамында РНҚ бар коронавирус табиғатта жоғары өзгергіштікке ие деп жауап берді. Егер популяцияда ұжымдық иммунитет қалыптасса, вирус мутацияға ұшырамайды, өйткені ол тек тірі жасушаларда көбейе алады.

«Вирустың жаңа мутациясымен күресудің жалғыз жолы вакцина алу. Ұжымдық иммунитет  халықтың 70%-дан астамы вакцина алғанда және ауырған кезде қалыптасады», — деді медицина ғылымдарының докторы К. Құрманова КВИ жұқтырудың  себептерін айтты.

Оның айтуынша, аурудан кейін вирусқа қарсы иммунитетті қалыпқа келтіру  қарқынды және ұзақ, әлсіз әрі  қысқа мерзімді болуы мүмкін. Мұның бәрі  адамның денесінің реактивтілігіне байланысты, сондықтан аурудан кейін қайта инфекция жоғалмайды.

Профессор сонымен қатар балалар мен жастардың ағзасында COVID-19-ға қарсы антиденелер жоқ екенін айтты. Балалар жаңа «дельта» штаммымен 5 есе жиі ауыра бастады. Сондықтан  К. Құрманованың айтуынша, Қазақстан балаларды вакциналау қажеттілігі туралы ойлануы керек. Бұл мәселені ғалымдар, эпидемиологтар және клиниктер талқылайды.

Сондай-ақ профессор иммундық жауап вакцинаның толық курсынан кейін шамамен 3-4 аптадан кейін пайда болады, оның ішінде 2 компонент алынады. Осы уақытқа дейін денеде антиденелер пайда болады және талдау иммунитеттің нақты деңгейін көрсетеді.

Еске салсақ, 2021 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда 480 мыңнан астам адам вакцина алды.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен  қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 300-ден астам екпе бригадасы қызмет атқарады.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі