2020 жылдың екінші жартысында Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы мен Жұмыспен қамту орталығының арнайы жобасының арқасында қала тұрғындары мен басқа да Қазақстан азаматтары coursera.org платформасындағы барлық курстарға тегін кіру мүмкіндігіне ие болды.
2100 астам қазақстандық Стэнфорд, Пенсильвания, Принстон, Мичиган, Пекин университеттері секілді әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында өткен курстардың қорытындысы бойынша Coursera сертификаттарын алды.
Data Analysis, Data Management, Computer Architecting, Statistical Programming, Computer Programming, Machine Learning, Cloud Computing, Probability & Statistics, Mathematics, Theoretical Computer Science, Security Engineering, Operating Systems пәндерін оқығандар әр курста оннан 18-ге дейін практикалық тапсырмалар орындады.
Әр практикалық тапсырма тек өткен материал бойынша тестілеуді ғана емес, сонымен қатар бағдарламалау тілдері мен шынайы дата-сеттер пайдаланыла отырып арнайы дайындалған виртуалды құралдардағы зертханалық жұмыстарды қамтыды.