19.09.2022

Алматы қалалық мобильдік басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Саин көшесінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Cаин көшесінің келесі бөліктерінде көлік қозғалысы шектеледі:

- Саин көшесінің Шығыс бетінде солтүстік бағытта Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігі- 19 қыркүйек сағ. 21:00 мен 20 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында;

- Саин көшесінің Батыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін - 20 қыркүйек сағ. 21:00 мен 21 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында және 21 қыркүйек сағ. 21:00 мен 22 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында;

- Саин көшесінің Шығыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі бөлігі - 23 қыркүйек сағ. 21:00 мен 24 қыркүйек сағ. 06:00 және 24 қыркүйек сағ. 21:00 мен 25 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында;

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Алматы қалалық мобильдік басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұрайды.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.