19 қыркүйектен бастап Серіков көшесі, 2а мекенжайында орналасқан №3 мамандандырылған ХҚО бөлімі жұмысын тоқтатады.
«Құлагер» шағын ауданының №3 мамандандырылған бөліміне қызмет алушылар аз келеді. Көбінесе автокөлік иелері қызмет алу үшін №1, №2, №5 және №6 бөлімдерге жүгінеді немесе қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы онлайн алады. Аудан тұрғындарының тарапынан автокөлікке қатысты қызметтерге сұраныстың болмауына байланысты бөлім жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.
Осыған дейін Алматы қаласында автокөлік иелеріне арналған 5 мамандандырылған ХҚО жұмыс істеді.
«Енді, авто көлік иелері қаладағы 4 мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүгіне алады. Олар «Саялы» ықшам ауданы, Аққайнар көшесіндегі № 1 мамандандырылған бөлім, Майлин көшесі, 85 № 2 мамандандырылған бөлім, № 5 мамандандырылған бөлім-Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағын ауданы, Құлжа даңғылына орналасқан. № 6 мамандандырылған бөлім - «Кемел» шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118, мекенжайында»,- деп атап өтті Абдурасул Кулдашов.
Дереккөз: inform.kz