Алматыда көші-қон ХҚО Наурызбай ауданынан Түрксіб ауданына көшті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы филиалы мәлім етті.
«2022 жылдың 03 қазанынан бастап Алматы қаласы бойынша Көші-қон қызметтері орталығы еңбек иммигранттарына мемлекеттік қызметті жаңа мекенжай бойынша көрсетеді. Осыған дейін Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Шұғыла» шағын ауданы, 347/2 мекенжайында қызмет көрсеткен орталық, енді Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағын ауданы, 181-182 к.2 («Жетісу-Семиречье» базары, 2-қабат) мекенжайында қызмет көрсетеді», - делінген хабарламада.
Өтініштер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.
Сенбі, жексенбі - демалыс. Бұған дейін Ресей Федерациясының азаматтарына арналған күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталығының да мекенжайы ауысқан болатын.
Дереккөз: inform.kz