12.07.2021

Қала әкімдігінің мәліметінше, екі апталық тексеруден кейін 39 кәсіпкер «Ashyq» жүйесінен шеттетілді. Талапты сақтамағаны үшін оларға жүйеге кіруге тыйым салынды.  Бүгінде қала бойынша жобада 2300-ден астам қатысушы бар. «Ashyq» жүйесі карантин режимінде жұмысты қалпына келтіруге септігін тигізді. Кәсіпкерлік нысандардың жұмысын мониторингтік топтар тексереді.

Жоба тексерушілерінің айтуынша, жобадан шеттетілуге келушілердің мекемеге кірген кезде QR-код арқылы сканерленбеуі себеп болған.  Жобаның аутсайдерлері жобадан шығарылады. Жобада жақсы қырымен танылған 108 қатысушы бар. Адал кәсіпкерлердің арқасында осы жылдың 9 сәуірі мен 1 шілдесі аралығында «Ashyq» мобильді қосымшасының көмегімен Алматының 1463 тұрғынында 2 «қызыл» мәртебесі, 372 тұрғынында «сары» мәртебесі бар.

«Қызыл» мәртебесі бар адамдар тамақтану орындарында анықталды. Мысалы, онлайн режимінде «қызыл» мәртебесі бар 295 және «сары» мәртебесі бар 40 қала тұрғыны тіркелді. Сондай-ақ әуежайда вирус жұқтырған және байланыста болған адамдар анықталды.  «Қызыл» мәртебесі бар 46 тұрғын мен «сары» мәртебесі бар 9 адам расталды.

Тексерушілер кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ басқа келушілердің індетті жұқтырмасы үшін карантин талаптарын орындау қажеттілігі ескертілді.

Алматының 40 мониторингтік тобы карантин талаптарының сақталуын тексеруде. Алайда мегаполис тұрғындары, ойын-сауық орындарының иелері карантин шектеулерін елемей, банкет, той өткізіп, жиналыс ұйымдастыруда. Жыл басынан бері карантин талабын сақтамағандарға жалпы сомасы 341 млн. теңге көлемінде 4634 хаттама толтырылды.

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметке сәйкес биыл 28910 нысан тексеріліп, карантин шараларын бұзған 2546 нысан анықталды.

4634 хаттама жасалса, соның ішінде заңды тұлғаларға 157 596 260 теңге сомасына 450 хаттама толтырылды. Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 183 464 715 теңге сомасына 4184 хаттама толтырылды.

Жүйелі бұзушылықтар үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 75 материал жолданды. Оның 64-і бойынша қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Мысалы, 8 шілдеге қараған түні Алматыда белгіленген шектеулерді бұзған 11 жағдай анықталды. Осы түні Бостандық ауданындағы мониторингтік топ өкілдері «Paradise» кафесін тексерді. Кафеде 150-ге жуық адам болды.

Осы уақытта Алмалы ауданында тексерушілер шамамен 70 келуші болған «Таглаура» кафесін  анықтады.

Кейбіреуі карантин шараларын бұзса, Алматының басқа тұрғындары коронавирус індетінен емделуде. 9 шілдеде мегаполисте қауіпті індетті жұқтырған 491 жаңа науқас тіркелді.

Алматы қаласының әкімдігінде тұрғындарды қандай да бір мерекеге баруға келіспес бұрын адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартуға шақырды. Жабық үй-жайларда қала тұрғындары өз денсаулығына қауіп төндіреді.

Сарапшылардың айтуынша, тек бірлескен күш-жігер инфекцияның қарқынды таралуын тежейді. Алматы қаласында індетті алдын алу үшін эпидемиологтар, санитарлық дәрігерлер, ауруханалардың, емханалардың, госпитальдардың медициналық персоналы қолынан келгеннің бәрін жасауда. Бұл жағдайда оларға тұрғындардың да көмегі қажет.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі