Алматыдағы 200-ден астам зейнеткер «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтарында авторлық сабақтар өткізуде

30.09.2021

Жас қайырымды іске кедергі емес, Алматы қаласының кез келген тұрғыны ерікті бола алады – бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Жәнібек Қаратаев мәлім етті. Ол мегаполисте 200-ден астам зейнеткер өскелең ұрпақ үшін сабақ өткізіп жатқанын атап өтті.

«Егде жастағы еріктілер арасында өмір бойы жұмыс істеп жүргендер де аз емес. Сондықтан 2020 жылы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы бойынша «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы» жобасы іске қосылды. Мақсаты – тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан төменгі сынып оқушылары мен ерекше қажеттілігі бар балаларға өмірлік тәжірибесін, білімі мен дағдыларын беру үшін аға буын мен мүгедек адамдарды қоғамдық өмірге тарту», - дейді Ж. Қаратаев.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша және »Шетсіз қала» бағдарламасы аясында клуб Алматының әр ауданында ашылды. Бүгінгі таңда 11 «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жұмыс істейді.

Онда зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар қатарынан 203 педагог жұмыс істейді. Олар бастауыш мектептің негізгі жалпы білім беретін пәндері бойынша авторлық сабақтар (математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, IT-технология), сондай-ақ қосымша білім берудің шығармашылық және спорттық сабақтары (шахмат, қолөнер, хореография, музыка, актерлік шеберлік) ұсынады. 9 айдың қорытындысы бойынша 2,2 мыңға жуық бала оқытудан өтті.

Ж. Қаратаев Алматыда жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғыз басты ерлі-зайыпты және егде жастағы отбасылық жұптар үшін әлеуметтік тұрғын үй жұмыс істейтінін, қазіргі уақытта 51 адам тұратынын хабарлады. Сондай-ақ «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы, бұрынғы Ардагерлер үйі жұмыс істейді, онда 288 адам қамтылған.

Сонымен қатар аудандық әкімдіктер жанында әлеуметтік қызметкерлер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді. Барлығы 2 773 қарт адамға күтім көрсетіледі.

Алматыда жасы бойынша зейнеткерлерге жол ақысына 50% жеңілдік беріледі, ал 75 жастан асқан тұрғындар қалалық қоғамдық көлікте тегін жүреді.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі