«МВА» дәрежесін 15 адам алады деп жоспарланып отыр.
Енді Алматыдағы Халықаралық Бизнес Университетінде «іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистратураны қазақ тілінде оқуға болады.
Бұл туралы жоғары оқу орнының директоры мәлімдеді. Бұған дейін бұл мекемеде бизнестегі басқарушы қызмет білімі тек орыс тілінде оқытылып келген. Қазір аталмыш мамандықты игеруге ниет білдірушілерді қабылдау басталды. Алғашқы болып «МВА» дәрежесін 15 адам алады деп жоспарланып отыр.
«Мектептен, колледжден кейін біз қабылдай алмаймыз. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін арнайы дипломы болса да, бірден қабылдай алмаймыз. Ол азаматтардың еңбек нарығында кем дегенде 2-3 жыл еңбек өтілі болуы керек. Олар жұмыс істеп көрген азаматтар болуы керек. Сосын ғана осында келіп, өз біліктілігін дамыту арқылы мансабын арттыра алады», – деді UIB бизнес мектебінің директоры, экономист Мақсат Халық.
Дереккөз: Almaty.tv.