Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған »Жасыл қала» науқанының басталғандығын хабарлайды. Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады.
Науқан қатысушылары отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятындығын ескерген жөн. Қатысу үшін n.kutybaev@almaty.gov.kz электронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:
Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш отырғызылатын орынның нақты мекенжайы;
Ағаш отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);
Сұралып отырған көшет түрі мен саны.
Өтінімдер 2022 жылғы 10 – 23 қазан аралығында қабылданады. Көшеттерді тарату келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қ., Бостандық ауданы, Тәжібаев к-сі, 155а («STAMP SERVICE» ЖШС базасы).
Өтінімдерді қарау мерзімі 2022 жылғы 10 – 23 қазан аралығында.
Ағаш отырғызу жұмыстарын 2022 жылдың 24 қазаннан бастап жүргізіп, фото есеп жолдау қажет.
Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтінштер қарастырылмайды. Қосымша ақпарат алу үшін Жасыл қорды басқару және мониторнг бөліміне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7777 068 56 38
Дереккөз: Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы