Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев жол салуды сапасыз жүргізетіндер туралы айтты. Олар лицензиядан айырылып, «қара тізімге» енген.
О. Төлебаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жол жөндеу сапасына бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында жұмыстарын жауапсыз атқарған жол компанияларының лицензияларынан айрылғанын айтты.
«Жолдарды сапасыз салғаны және реконструкциялағаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 312-бабы 2-бөлігі бойынша лицензияны қайтарып ал үшін „АлматыДорСтрой» ЖШС, „Есік Жолдары» ЖШС және „ДСУ» ЖШС қатысты материалдар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарына жіберілді», — деді қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары.
Инженерлік желілер салынғаннан кейін жолдарлы қалпына келтіруді сапасыз жүргізгендері үшін соттың қаулысы бойынша «Монолит Дизайн 2030» ЖШС, «АГС Пласт» ЖШС, «Сұңқар» ЖШС лицензияларынан айрылды, «Бадимус Строй» ЖШС, «EIS Corporation» ЖШС лицензиялары қаралу үстінде. «Сигма» ЖШС-не қатысты материал соттың қарауында.
Сонымен қатар «ПМК-7К» ЖШС сот шешімімен теннис орталығын сапасыз салғаны үшін лицензиясынан айырылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі