Алматы қаласында келесі жылыту маусымы басталғанға дейін 11,1 км магистральдық және тарату жылу желілері реконструкцияланады.
Яғни, 25-30 жылдар немесе одан көп жылдар бойы пайдаланылып, ескірген құбырлар жеке құбырларға ауыстырылады. Алматы қаласының инженерлік коммуникацияларын модернизациялаудың жалпы жоспарына сәйкес, жол төсемін кейіннен толық қалпына келтіріледі. Бұл іс- шара мына көшелерде жүретін болады:
• Бөгенбай батыр көшесі (Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін);
• Райымбек даңғылы (Галилей көшесінен солтүстікке қарай Казаков көшесіне дейін);
• Казаков көшесінен Бродский көшесіне ауысуымен (Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылынан солтүстікке қарай);
• Шаляпин көшесінің солтүстігі (Саин көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейін);
• Қажымұқан көшесі (ОШАҚ №2 сорғы станциясынан Достық даңғылына дейін);
• Саин көшесінің батысына қарай (Ұлықбек көшесінен Шаляпин көшесіне дейін);
• Есқараев көшесі (Розыбақиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін);
• Гагарин даңғылы (Есқараев көшесінен Ходжанов көшесіне дейін);
• Ходжанов көшесі (Гагарин даңғылынан ЦТРП дейін);
• Дөңентаева көшесі (53 тұрғын үйден 2б тұрғын үйге дейін);
• Есенов көшесі (Раскова көшесінен Колпаковский көшесіне дейін және ары қарай Колпаковский көшесінен №143 лицей-мектепке дейін);
• Қазыбек би көшесі (Уәлиханов көшесінен Абдуллиндер көшесіне дейін);
• Ганди көшесі (Батыс Желтоқсан көшесі арқылы Қозыбаев көшесінің шығысынан ОШАҚ дейін);
• Қозыбаев көшесінің шығысы (Серіков көшесінен төмен Мұқатаев көшесіне дейін).
Құбырларды реконструкциялау олардың сынақтар мен регламенттік жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден басталады.
Жөндеу науқаны кезінде тұрғындарға қолайлы жағдайларды сақтау үшін ыстық сумен жабдықтау оны берудің уақытша сызбалары арқылы барынша сақталатын болады.
Реконструкциялау жұмыстарының кезекті кезеңінің мақсаты - алдағы күзгі-қысқы маусымда жылу желілерінің тұрақты және апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Еске салсақ, жылыту маусымы басталғанға дейін МИБ, ПИК және басқа да басқарушы компаниялар тұрғын үйлер ішіндегі инженерлік желілерді, элеваторлық тораптарды, жылу пункттерін қысқа дайындауға және үй ішіндегі қолайлы жағдайларды сақтау үшін өзге де іс-шараларды өткізуге міндетті.
Дереккөз: Almaty.tv