04.10.2022

Жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асад.

Алматыда ауа температурасы бес күн қатарынан 8 градусты көрсетсе, жылу ерте беріледі. Бұл туралы қаланың жылу жүйесіне жауапты компания өкілдері мәлімдеді.

Олардың сөзінше, халықты жылумен қамтудың нақты белгіленген күні жоқ, бұл процесс ауа-райына тікелей байланысты. Жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асады. Алдымен балабақша, мектеп, емхана сияқты әлеуметтік мекемелер қосылады. Сосын тұрғын үйлер, жатақхана, әкімшілік ғимараттар мен мәдени нысандар жалғанады.

«Қаладағы барлық құбыр жылу беруге дайын. Егер 8 градустық температура бес күн бойы сақталатын болса жылу сол кезде беріледі. Былтыр ерте берілді. Бірақ ол арнайы ережеге сай әрі ауа-райына да байланысты болады», – деді «Алматы жылу жүйелері» ЖШС бас инженері Данияр Қазметов.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.