Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.
«Жыл соңына дейін электр қуатының тарифі өспейді», - деп сендірді Ә. Масабаев.
Сонымен қатар, ол апатты жағдайлардың алдын алу үшін қалада жылыту маусымына дайындық жүріп жатқанын атап өтті.
«Үш жыл ішінде 1986 жылдан бері жөнделмеген Төле би көшесі жылу магистралінің үлкен бөлігі ауыстырылды. Бұл жұмыс мамыр айында басталды. Біз барлық жабдықтарды, құбырлар мен жылу желілерін тексердік. 200-ден астам зақымдалған жер анықталды. Олардың 80% жөнделді. Қалғанын қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді А. Масабаев.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі