Айта кетерлігі, қабылданған 19 объектінің жалпы құны 12 миллиард 245 миллион теңгені құрайды.
«Бұлар – жаңадан салынған нысандар. Олардың ішінде Мамыр-1 шағын ауданындағы 1200 орынды жаңа мектеп ғимараты, сондай-ақ №123 және 164 мектептердің жаңа ғимараттары бар. Сонымен қатар үш жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. Олар – патологоанатомия бюросы, жедел жәрдемнің қосалқы станциясы, психиатриялық аурухана орталығының кеңейтілген аймақтары. Алты көппәтерлі тұрғын үй коммуналдық тұрғын үй қорына қосу үшін Тұрғын үй саясаты басқармасына, алты учаскелік полиция пункті Алматы Полиция департаментінің балансына, бір сауда павильоны Туризм басқармасына берілді», - деді С. Ибраев.
Сонымен қатар 75 жылжымайтын мүлік объектісі республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілді. Бұл тізімде Тұрғын үй саясаты басқармасына жекешелендіру үшін брілген 53 пәтер, Алматы теміржол ауруханасы, №9 Оқушылар үйіне бір ғимарат, Жетісу ауданындағы балаларға арналған орталық ашуға арналған ғимарат, Полиция бөлімінің емханасы, Арнайы жедел отрядтың взводы орналасатын бір ғимарат және басқалары бар.
С. Ибраев жалпы құны 99,8 миллион теңге болатын үш нысан сыйлық келісімі бойынша қабылданғанын айтты. Бұл Алмалы ауданындағы «Арка» өнер объектісі, сонымен қатар Төлебаев көшесі 25/18 мекенжайдағы ғимарат, ол қазір дайындық сыныптарын ашу үшін Білім басқармасына бекітілген.
Ал үшінші объект - Амангелді көшесі, 68А ғимараты, онда «Баум тоғайының» және оны жасаушылардың тарихына арналған мұражай экспозициясын құру жоспарлануда. Сонымен қатар гербарий қоры болады. Ғимарат «Медеу» МАТП балансына берілді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі