Жыл сайынғы қалалық футбол чемпионаты Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының »Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында »Әлеуметтік жобаларды басқару орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп өтті.
Іріктеу туры бір ай көлемінде, 10 жұмыс істейтін жастар командасының арасында болды. Олар »Қырғауыл«, "Кенжехан«, "Батыр«, "Бақорда«, "Береке«, "Алтын орда«, "7 құрдас«, "Саламат«, "Барыс» және т. б. базарлар мен сауда орталықтарының қызметкерлері болып табылады.
Чемпионаттың жартылай финалына 10 команданың ішінен »Бакорда«, "Алтын Орда«, "Арасан» және »Барыс» базарларының ойыншылары шықты. Жарыс қорытындысы бойынша »Арасан» командасына 150 000 теңге сомасына бірінші орын сертификаты табысталды, екінші орын және 100 000 теңге көлемінде жүлде »Бакорда» базарының командасына берілді. Ал үшінші орын 50 мың теңге »Барыс» базарының командасына бұйырды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының әкімдігінің баспа-сөзі