Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

11.01.2022

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қалпына келтіру жұмыстарын 13 бригада жүргізеді.

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қалпына келтіру жұмыстарын 13 бригада жүргізеді. 46 бағдаршам нысаны зақымданды. 38 қалпына келтірілді, оның 5-уі уақытша сызба бойынша. Сондай-ақ 120 жол белгілері бүлінген, олардың 96-сы қалпына келтірілген.

Көше-жол желісі бойынша қалпына келтіру жұмыстарын 4 жол бригадасы бастады және жүргізуде. Кеше 90 ш.м. төсем, 120 метр жиек және 37 жол люгі қалпына келтірілді. Тас төсемді қалпына келтіруді 13 қаңтарға дейін аяқтау жоспарлануда. Екі бригада машиналар мен от жағатын жерлерде жол жабынын тазартуға кірісті.

Сонымен қатар аялдама павильондары да бүлінген. Барлығы 43 павильон зақымдалды, Оның 17-сінің әйнектері түгел сынған. Жеке компаниялар да қалпына келтіруге кірісті, бүгінде 2 павильон жөнделді. Жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар алдын ала есептеулер бойынша 100-ге жуық велосипед жоғалған, 220-сы жөндеуді қажет етеді, 20 станция бүлінген. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды, сондай-ақ залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv